«Elsevier» компаниясы Scopus деректер базасында индекстелуі тоқтатылған журналдардың үшінші тізімін жариялады. Бұл жолы 49 журнал алынып тасталды.
Базадан шығарылып тасталуларының себептері әртүрлі
- Publication concerns – жарияланымдық тұстарға қатысты қобалжулар (9 журнал).
- Do not meet Scopus criteria - Scopus критерияларына сай келмеушілік (16 журнал).
- Radar - «Radar» жүйесінің көмегімен тексеріс (18 журнал).
- Ethics concerns – этикалық мәселелер (1 журнал).
Мұндай базадан алынып тасталу 2020 жылы үшінші рет болып отыр. Бұдан бұрын біз наурыз және маусым айларындағы басылымдардың индекстелулерінің тоқталуы жөнінде жазған болатынбыз. Жылдың соңына дейін барлық журналдар деректер базасында өздерінің индекстелулерін жалғастырады және шығарылып тасталған журналдардың саны азаяды деп үміт артатын боламыз.
«Научные публикации - Publ.Science» компаниясы клиенттерімізге жұмыстарын сапалы журналда жариялауға көмектесу мақсатында ғылыми журналдардың базадан шығарылып тасталу үрдістерін белсенді түрде бақылайды, сонымен қатар басылымдарды және олардың қызметтерін тексереді. Егер де Сізге журнал таңдауда көмек қажет болатын болса, чаттағы біздің маманмен байланысыңыз және де ол Сіздің сұрағыңызға таяуда жауап береді. Ғылыми-жарияланымдық салада орын алып жатқан барлық маңызды шаралар жөнінде хабардар болу үшін біздің жаңалықтарымызды бақылап отырыңыздар.
ШЫҒАРЫЛЫП ТАСТАЛҒАН ЖУРНАЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "ResearcherID және Publons платформаларындағы профильдер: қолдану нұсқаулығы" материалы жарыққа шықты.