Мақаланы Scopus-та жариялау үшін 10 себеп

Facebook Twitter Telegram E-mail

Scopus деректер базасы - ғылыми ақпараттың ауқымды ресурсы, бұл әрбір ғалымның кәсіби қызметін дамытуға ықпал етеді. Бүкіл әлем бойынша зерттеушілер Scopus-қа кіретін журналдарда мақала жариялауды неліктен таңдайтынын қарастырайық.

Мақаланы Scopus-та жариялау үшін 10 себеп

Атағы, дәрежесі, сыйлықақы

Белгілі бір титулды алу үшін ғалымдар өз ғылыми-жарияланымдық қызметі бойынша бірқатар талаптарды орындау тиіс және Scopus деректер базасында белгілі бір сан ғылыми жұмыстарды жариялау қажет. Сондай-ақ, кейбір университеттер осы платформаға кіретін журналдарда жарияланым үшін сыйлықақы ұсынады. Осылайша, жоғары оқу орнының да ғылымометриялық көрсеткіштері артады.

Ғылыми мазмұн

Scopus әлемдегі ең ауқымды және сапалы деректер қоры деген беделін белсенді қадағалайды. Сондықтан осында ғылыми журналдар мен мақалаларды іріктеуге қатаң жағдай жасаланады. Әр басылым дерекқорға қосылуының күрделі кезеңінен өтеді. Scopus-та журналдардың тексеруімен айналысатын контентті іріктеу комитеті бар, егер басылым белгілі бір өлшемдерге сай келмесе, ол деректер базасына енгізілмейді.

Сараптамалық рецензиялау

Платформаға кіретін журналдарда жарияланатын ғылыми мақалалардың іріктеуі қатаң түрде бақыланады. Әрбір жұмыс сараптамалық рецензиялаудан өтеді, оған бүкіл әлем ғалымдары қатысады. Осының арқасында Scopus контентіне жүгінетін әрбір зерттеуші оның сапасына сенімді бола алады.

Scopus Профилі

Scopus-та бірінші мақала жарияланғаннан кейін, деректер базасы Scopus профиліндегі автордың аккаунтын ұсынады, онда оның барлық ғылыми-жарияланымдық ақпараты беріледі. Осы профильді пайдалану оңай әрі түсінікті. Профильде бүкіл әлем ғалымдардың миллиондаған мақалаларының арасынан басқа авторлар Сіздің мақалаңызды оңай табатындай жағдай жасалынған. Зерттеушілер ғылымның түрлі салаларында өздерін қызықтыратын жұмыстарды іздеп таба алады. Оларға тек жаңа мақалалар туралы хабарлама келеді. Ғалымдар әріптестерінің профильдерін зерттеп, өз ғылым саласындағы жағдайларды талдай алады.

Мақала қауіпсіздігі

Scopus қауіпсіздік стандарттары өте жоғары. Мақалаларды жариялау кезінде осы сервисте индекстелген әр басылым баспа және редакциялық этика қағидаларын ұстанып, мақаланың бүтіндігін сақтау және плагиатсыз сапалы әрі түпнұсқалық материалды жариялау тиіс.

Гранттық қаржыландыру

Scopus-та жарияланымдардың арқасында ғалым өз зерттеуі үшін грант алуға өтінім бере алады. Халықаралық комиссия шешім қабылдау кезінде ғалымның ғылыми-жарияланымдық мәліметтеріне сүйенеді, сондықтан әрбір ғалым өз қызметін дамыту жоспарын әзірлегені жөн.

Меншікті рейтингі

Ғылыми-жарияланымдық жоспары мен оның негізінде жататын стратегия ғалымға өзінің ғылыми әлеуетін неғұрлым нәтижелі іске асыруға мүмкіндік береді. Бұл оның ғылымометрикалық көрсеткіштерін жоғарлатып, көбірек мүмкіндіктер ашады. Жоғары рейтингті ғалым - әрдайым сұранысқа ие зерттеуші.

Бедел және әлемге танылуы

Егер ғалым өз саласында белсенді болып, сапалы және озық ғылыми жұмыстарды жарияласа, оны міндетті түрде өз елінің ғана емес, басқа да мемлекеттердің ғылыми қоғамдастығы байқайды. Мұндай тәсіл болашақта ғалымның беделін тануға және арттыруға кепілдік береді.

Конференцияларға қатысу

Әлемге әйгілі ғалымдар конференцияларға жиі шақырылады, онда олардың әлемдік ғылыми қауымдастыққа өз идеяларын жеткізуге, жаңа таныстар ашуға және басқа зерттеушілермен немесе инвесторлармен жемісті ынтымақтастық бастауға мүмкіндіктері көп.

Шетелде жұмыс істеу мүмкіндігі

Scopus-та индекстелген жұмыстарға қол жетімділік бүкіл әлем бойынша ғылыми ұйымдар ғалымдармен байланыс орнатып, оларға жұмыс пен ынтымақтастықты ұсынатындай жағдайды туғызады және ғалымдардың рецензент болуына ықпал етеді, ал бұл, өз кезегінде, ғылым саласында табысты қарым-қатынас үшін кең мүмкіндіктер ашады.

Көріп отырғаныңыздай, Scopus-та мақаланы индекстеу ғалымның ғылыми-жарияланымдық қызметін дамытуға көмектеседі. Алайда зерттеуші жұмысты рәсімдеу, жарияланым үшін журнал таңдау және оны басылым редакциясына жіберу кезеңдерінде қиындықтарға жиі тап болады. Сондықтан «Научные публикации - Publ.Science» компаниямыз Scopus-қа кіретін сапалы журналда сіздің жұмысыңызды жариялауға дайын. Қызметке тапсырыс беру үшін чатқа жазуыңыз болады, компания маманы Сізбен бір күн ішінде байланысады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Scopus-та ғылыми мақаланы рәсімдеуге қойылатын негізгі талаптар туралы материал жарық көрді.

 

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X