26-шы қазанда ғылымометрия бойынша «Заманауи ғылыми саладағы басты метрикалар. Scopus пен Web of Science» атты жаңа вебинарлар циклі басталады. Аталмыш онлайн-кездесулерге барлық ғалымдар қосыла алады, жазылу ашық.
Вебинарлардың мақсаты – зерттеушілерге Scopus пен Web of Science деректер базаларында индекстелетін халықаралық журналдарда орын алып жатқан ғылыми-жарияланымдық үрдістің бар қыр-сырын түсіндіру. Сонымен қатар қатаң рецензиялаудан сәтті өтулері үшін мақаланы дұрыс ресімдеуге, нормативтік құжаттар мен жарияланымдарға қойылатын талаптарды егжей-тегжейлі білулеріне, халықаралық қоғамдастықта ғалым ретінде мойындалуларына және кәсіби қызмет бойынша сенімділікпен алға жылжуларына септігін тигізеді.
Вебинарлар «Научные публикации – Publ.Science» компаниясы ғылыми-оқыту орталығы командасының арқасында ұйымдастырылуда. Жүргізуші: Елизавета Батаева – ғылыми-оқыту орталығының маманы.
Вебинарлар тақырыбы
- Ғылымометрия базисі. Заманауи ғылымның басты метрикалары.
- Scopus негіздері. Өз бетінше мақаланы жариялаудың мәселенамасы.
- Web of Science негіздері. Өз бетінше мақаланы жариялаудың мәселенамасы.
- Ғылыми консалтингтің қыр-сыры. Жарияланым жасау барысында уақытты қалай үнемдеу қажет?
Маңызды
► Вебинарларға қатысу тегін, алайда тіркелу міндетті.
► Вебинарлардың тілі – орыс тілі.
► Ғалым 3 немесе одан да көп вебинарларға қатысқан жағдайда сертификат табысталады.
«Научные публикации – Publ.Science» білім беру қызметтерін көрсететін ресми субъект болып табылады. Компанияның ғалымдарға сертификат табыстауға құқығы бар. Ғалымдар өз кезегінде біліктіліктерін көтеру мақсатында аталмыш сертификатты өздерінінің ғылыми ұйымдарында ұсынып, қолдана алады. Сондықтан да орталық табыстаған сертификат ресми құжат болып саналады. Оның құрылымы білім беру қызметтері көрсетілетін елдердің заңнамалық актілеріне сай барлық пункттерді қамтиды.
Вебинарлар цикліне қосылу шешімі – өзінің ғылыми мансабын дамытуды көздейтін әрбір ғалым үшін маңызды қадам.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Научные публикации – Publ.Science» компаниясымен ынтымақтастық. Ғалымдармен кімдер жұмыс жасайды?» материалы жарыққа шықты.