"Ассоциированный профессор (доцент)" атағын қалай алуға болады?

Facebook Twitter Telegram E-mail

"Ассоциированный профессор (доцент)" ғылыми атағын беруге қойылатын нормативтік талаптар. Ғалым нені білуі керек?

"Ассоциированный профессор (доцент)" атағын қалай алуға болады?

Қазақстан Республикасының ғылыми атақтарын (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларына сәйкес ғылыми-жарияланымдық талаптар.

1) ғылыми және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметтегі үздіксіз өтілі кемінде 3 жыл.

2)диссертация қорғағаннан кейін жарияланған сұратылып отырған мамандық бойынша кемінде 14 ғылыми мақала (тезистер емес), оның ішінде уәкілетті орган ұсынған басылымдарда 10 ғылыми мақала.

2 халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар

Web of Science

Clarivate Analytics Journal Citation Reports мәліметтері бойынша 1, 2 және 3 квартиль

Scopus

CiteScore бойынша процентиль көрсеткіші ең болмағанда бір ғылыми сала бойынша 35-тен кем емес

Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында сондай-ақ Clarivate Analytics компаниясының Web of Science Core Collection (Arts and Humanities Citation Index, Science Citation Index Expanded, Social Sciences Citation Index бөлімдері) дерекқорында индекстелетін журналдар, сондай-ақ JSTOR базасына кіретін журналдар есепке алынады.

3) ғылыми кеңес ұсынған монографиялар.

Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) тармақшасында көрсетілгендерге қосымша 3 ғылыми мақала болған жағдайда, олар халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда жарияланған (Clarivate Analytics компаниясының Journal Citation Reports деректері бойынша 1 және 2 квартильге кіретін немесе Scopus дерекқорында CiteScore бойынша кемінде 50 процентиль көрсеткіші бар) осы Қағидалардың 4-тармағы 3) тармақшасының талаптарын орындау талап етілмейді.

* Халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдарда талап етілетін санынан асатын ғылыми мақалалар болған жағдайда, олар уәкілетті орган ұсынған басылымдардағы мақалалар ретінде ескеріледі.

** Clarivate Analytics (Кларивэйт Аналитикс) (Web of Science Core Collection, Clarivate Analytics (веб оф Сайнс Кор Коллекшн, Кларивэйт Аналитикс)) компаниясының деректер базасына енгізілген патенттер халықаралық рецензияланатын ғылыми журналдардағы ғылыми мақалалар ретінде ескеріледі;

Естеріңізге сала кетейік, жақында "Научные публикации"компаниясының ғылым және ғылымометрия саласындағы жаңа ынтымақтастығы" материалы жарық көрді.

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X