Scopus деректер базасы ғылыми мазмұнды ең ірі индекстеушілердің бірі болып табылады. Ол әлем бойынша мыңдаған журналдар мен миллиондаған мақалаларды қамтиды. Осы ғылыми контент мұхитында ғылыми жұмысы жоғалып қалмай, дәйектеліп өтуі үшін ғалымның не білуі қажет? Осы мақалада жоғарыдағы сұраққа жауап беруге тырысамыз.
Мақаланың индекстелуі дегеніміз не?
Индекстелу – бұл деректер базасынан көрінуі үшін құжатқа индекстің берілу үрдісі. Бұл ғылыми қоғамдастыққа онымен танысып, өз жұмыстарында пайдаланулары үшін оларға оны жеңіл табуға мүмкіндік береді.
Scopus пен Web of Science деректер базасы жарияланымдардың базада әрдайым көрінуін жақсарту мен ұлғайту үшін және кең көлемде ғалымдарға қолжетімді қылу үшін біраз жұмыстар атқарады. Аталмыш платформалар өз жарияланымдарының әсері мен өзгелердің жұмысын бақылауға, қаржыландыру мүмкіндіктерін іздеуге көмегін тигізеді.
Деректер базасында жұмысының индекстелуі ғалымға не үшін қажет?
Сіз мыналарды қалаған жағдайда
- Ғылыми қызметіңізді дамытқыңыз келеді, мансап бойынша жаңа деңгейге шыққыңыз келеді.
- Халықаралық зерттеушілермен байланыс орнатып, өзіңіздің ғылыми коммуникация шеңберін кеңейткіңіз келеді.
- Дәйектеудің санын көтергіңіз келеді.
- Ғылымометрикалық көрсеткіштерді арттырғыңыз келеді.
- Жобаңызды қаржыландыруға және т.б. қол жеткізгіңіз келеді.
Ғылыми жұмыстың индекстелу үрдісінің нобайы
- Мақаланы ресімдеу, редакциялау және аудару бойынша жұмыстар аяқталып, оны Сіз жариялауға таңдаған ғылыми журналға жіберетін кез келді. Жариялағалы жатқан ақпаратқа басылымның қоятын талаптарын Сіз мұқият зерттеуіңіз қажет, өйткені әрбір журнал талаптарын өз сайттарында айқындап көрсетеді.
- Мақаланы журналға берместен бұрын оның деректер базасында әлі де индекстелетінін тексеру аса маңызды. Бұны қалай жасау керектігін Сіз біздің «Scopus деректер базасындағы журналдың индекстелуін тексеру. Неліктен бұл аса маңызды?» атты мақаламыздан таныса аласыз.
- Индекстелу үрдісі бірнеше аптадан бірнеше айға дейін уақыт алуы мүмкін. Журнал аталмыш мәселені бақылауда ұстауы қажет. Біздің компаниямыздың мамандары индекстелуге қатысты жиі сұраулар салып, клиенттеріміз өздерінің ғылыми ұйымдарына статистиканы уақытында ұсына алулары үшін индекстелудің бар-жоқтығына қатысты мәліметтерді журналдың өзіне қарағанда ертерек береді.
Индекстелу дәйектеуге пайдасын әкелуі үшін не істеу қажет?
- Индекстелу ағылшын тілінде жасалынады, сондықтан да индекстелетін контент академиялық ағылшын тіліне аударылуы қажет (атауы, аннотация, кілт сөздер).
- Мақаланың метадеректерін толтырған кезде өте мұқият болыңыз. Атауы, кілт сөздер мен аннотациясын қалай таңдап, жазуға болатындығы туралы егжей-тегжейлі ақпаратпен «Ғылыми жарияланымдар» компаниясының ғылыми-оқыту орталығы дайындаған жаңа бейнежазбадан таныса аласыз.
Ғылымометрикалық деректер базасына кіретін халықаралық журналдарда ғылыми мақалаларын жариялауда білікті көмек алу мақсатында әлем бойынша ғалымдар «Ғылыми жарияланымдар» компаниясына жүгінеді. Ғалымдар Scopus пен Web of Science деректер базасында жұмыстарын жариялау үшін басынан аяғына дейін жұмысты толық атқаруға тапсырыстар береді. Ал бұл өз кезегінде тиімді шешім болып табылады, өйткені бізге жұмысты басынан аяғына дейін жасауға толықтай тапсырыс берген жағдайда жарияланым нәтижесінің сәтті болатындығына кепілдік береміз.
Біздің мамандарымыз қажет болған жағдайда жұмысты редакциялау мен академиялық аудармасын жасау жауапкершілігін мойындарына алады. Біз жарияланым жасауға ең сай келетін журналдардың тізімін береміз, редакция алқасымен және рецензенттермен хат жазысу жұмысын мойнымызға аламыз, сонымен қатар клиенттеріміздің дер кезінде хабардар болулары үшін индекстелу кезеңін бақылауда ұстаймыз. Біздің ең басты мақсатымыз – бұл Сіздің сәтті жарияланымыңыз, және де біз Сіздің нәтижеге риза болуыңыз үшін барын жасаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Ғылымометрия бойынша вебинарлар циклі. Басталуы: 7 желтоқсан.» материалы жарыққа шықты.