Қазақстанның қандай Университеттері мен ғылыми ұйымдары Web of Science деректер базасы марапатына ие болды?

Facebook Twitter Telegram E-mail

Қазақстан Республикасының БҒМ Ғылым комитеті «Ғылым көшбасшысы – 2020» Web of Science Award халықаралық тәуелсіз марапатына ие болғандарды атады. Марапат иегерлері жоғары жарияланымдық көрсеткіштер бойынша сараланды. Аталмыш іс-шараның мақсаты – қазақстандық ғылым әлеуетіне қолдау көрсету.

Какие научные организации и Университеты Казахстана стали Лауреатами награды Web of Science?

Соңғы үш жылдағы Қазақстан Республикасының университеттері мен ғылыми ұйымдарының қызметі қаралды.

Ендеше, марапатқа кімдер ие болды?

Номинация

Ғылыми ұйым

Қазақстан Республикасындағы университеттер мен ғылыми ұйымдар арасындағы жарияланымдық белсенділік бойынша көшбасшы

Назарбаев Университеті

«Физика» пәні бойынша Web of Science Core Collection жарияланымдары саны бойынша көшбасшы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
 

«Материалтану» бойынша Web of Science Core Collection жарияланымдары саны бойынша көшбасшы
 

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы

Сәтбаев университеті

Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы

Қазақстан-Британ техникалық университеті

Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы

С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті 

Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті 

Web of Science Core Collection Q1 және Q2 квартильдері бойынша ғылыми журналдардағы жарияланымдар саны бойынша көшбасшы

Қазақ ұлттық аграрлық университеті 

Web of Science Core Collection журналдарындағы жарияланымдық белсенділік бойынша көшбасшы

КИМЭП Университеті

Web of Science Core Collection журналдарындағы жарияланымдық белсенділік бойынша көшбасшы, «Биология және генетика» пәні бойынша

Ұлттық биотехнология орталығы

Web of Science Core Collection журналдарындағы жарияланымдық белсенділік бойынша көшбасшы, «Материалтану» пәні бойынша

Ядролық физика институты

Web of Science Core Collection журналдарындағы жарияланымдық белсенділік бойынша көшбасшы

Математика және математикалық модельдеу институты 

Қазақстан Республикасының зерттеушілері 9 жылдан астам уақыт бойы халықаралық деңгейдегі зерттеулердің ірі қайнар көзі болып табылатын Web of Science платформасына қол жеткізіп отыр. Web of Science деректер базасын 259 ғылыми ұйымдар мен Университеттер қолданады. Соңғы жылдары Қазақстан ғалымдарының ғылыми мақалаларының саны күрт өсті: 2010 жылы – 659 мақала; 2019 жылы – 3962 жұмыс. 2019 жылы аталмыш платформада 12 қазақстандық журналдар индекстелінді. 

Қазақстан Республикасының Университеттері мен ғылыми ұйымдарына, ғалымдарына қарқынды даму мен халықаралық деңгейде танымал болып, мойындалуын тілейміз.

Біздің «Ғылыми жарияланымдар» атты компаниямыз орын алып жатқан барлық өзекті іс-шаралар бойынша хабардар болып, ғылыми-жарияланымдық қызметті жоғары деңгейде көрсету үшін Қазақстанның ғылымы мен ғылымометрия саласындағы орын алып жатқан маңызды іс-шараларды жіті бақылап отыр. Егер де Сізге мақалаңызды жариялауға қандай да бір көмек қажет болатын болса, чат немесе сайттағы кез келген байланыс орнату нысаны арқылы бізбен байланысуыңызды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Мақалада бірлескен авторлардың қандай саны рұқсат етіледі?материалы жарыққа шықты.

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X