Ғылыми мақаланы жариялаған кезде кідірістердің туындауына әкелетін қандай себептер болуы мүмкін?

Facebook Twitter Telegram E-mail

Мақалаларды журнал басылымында жариялау үшін құжаттарды өткізген кезде бірқатар себептері бар кідірістер туындауы мүмкін. Бұл жөнінде хабардар болу күту үрдісі ұзақтығының алдын алуға көмегін тигізеді. Ең кеңінен тарағандарын қарастырайық.

Ғылыми мақаланы жариялаған кезде кідірістердің туындауына әкелетін қандай себептер болуы мүмкін?

Бірінші себеп – өтінім дұрыс толтырылмады

Жұмысты басылымға беру үшін құжаттарды өткізген кездегі алғашқы шарт – өтінімдегі өзіңізге қатысты мәліметтерді дүрыс толтыру. Бұл үрдіске салмақты әрі жауапкершілікпен қарау қажет. Себебі, алғашқы кезеңде жасалған кез келген сәйкессіздік пен қателер алдағы уақытта зерттеу жұмысының индекстелуін тежеуі мүмкін.

Екінші себеп – рецензиялаудың тұтастай алғандағы мерзімі

Жарияланым сәтін кідіртетін ең ұзақ мерзім көбінде осы болып табылады. Бұл – көптеген факторларға тәуелді. Барлығын егжей-тегжейлі қарастырайық.

• Егер де зерттеуші өз жұмыстарын жариялау үшін Scopus мәліметтер базасын таңдайтын болса, онда оның жұмысының басылымға шығу мерзімі 9 айдан 2 жылға дейін созылуы мүмкін. Бұның бірден-бір себебі – зерттеу жұмысының қараудан өту мерзімінің ұзақтығында. Мақаланың рецензенті сол мақала тақырыбы бойынша соңғы үш жылда сол салада жұмыстарын кемінде 3 рет жариялаған мамандар болып табылады. Жұмысты сараптайтын мамандар өз аты-жөндерін көрсетпейді. Сарапшылар зерттеудің өзектілігі мен оның ғылыми қоғамға қандай құндылығын әкелетіндігіне мән береді. Осыдан кейін барып жұмысты басылымға шығару-шығармау жөнінде шешім шығарады. Бұл орайда екі ғалымның ой-пікірлері келіспеуі мүмкін. Мұндай жағдайда рецензиялау үрдісінде шешуші рөл атқаратын үшінші маманды шақырады. Бұл да жарияланым кідірісіне әкелетін фактор болып табылады.

• Қарастыру кезеңі рецензенттердің жетіспеушілігі себебінен созылуы мүмкін. Танымал ғалымдардың бәрінде өзге авторлардың еңбектерін бағалауға уақыт бола бермейді. Әсіресе, ол өзінің жеке ғылыми жұмыстарымен айналысып жүрген болса, өзге автор еңбектерін бағалауға арналған уақыттың болмауы әбен мүмкін.

• Жұмыстың ұзақ қаралуының немесе қабылданбауының алдын-алу үшін оны академиялық ағылшын тіліне аударып, сол тіл туған тілі болып саналатын маманға оқылымға беру қажет. Бұдан өзге, жұмыс талап етілетін формаға сай келтіріліп, яғни безендіріліп, оның құрылымы дұрыс болу қажет. Рецензенттер бұл талаптардың орындалуына қатаң қарайды және плагиат жұмыстарды өткізбейді.

• Рецензиялаудың кідірісіне зерттеу жұмысының тақырыбы мен оның идеясының толықтай ашылмауына байланысты көптеген сұрақтардың туындауы әкеледі.

Зерттеу жұмыстары басылымының ең ұзақ кідірісі әлеуметтік, гуманитарлық және бизнес ғылымдары саласында байқалады. Ең тез рецензиялау математика, физика және химия ғылымдары саласында байқалады. Берілген кеңестерді ұстана отырып жұмыстың ұзақ қаралу немесе оның қабылданбау мүмкіндігін азайтуға болады.

Үшінші себеп – жарияланым этикасын ұстанбау

Жарияланым этикасы бойынша автор өзінің бірегей мақаласын бір журнал басылымынан артық басқа журнал басылымына бір уақытта бермеуі керек. Тек рецензиялаудан кейін мақала қабылданбаған жағдайда ғана оны ғалым басқа журнал басылымына қарауға бере алады.

Автор жарияланым этикасын ұстанбай өз мақаласын бірнеше журнал басылымына беруі мүмкін. Егер де зерттеу жұмысы сарапшылардың қатал қарауынан өтіп, бір журнал басылымынан артық басқа журналдарда шықса, осы жұмысқа деген құқықтарына қатысты журнал басылымдары арасында дау-дамай тууы мүмкін. Мақаланы екінші болып жарияланымға шығарған журнал басылымының абыройы түсетін болады. Ғылыми қоғамдастықта ол плагиат жұмысты жариялады деген ой тууы мүмкін. Мұндай автордың біліксіз әрекеттері оның мәліметтер базасынан шығырылып тасталуына және сот тергеуіне әкелуі мүмкін. Бұл ғалым үшін оның алдағы уақыттағы ғылыми қызметіне кері әсерін тигізеді.

Төлем жасау мен байланыс орнатудағы қиындықтар

Төртінші себеп – байланыс орнатудағы және төлем жасаудағы туындайтын қиындықтар

Мынандай жағдай орын алуы мүмкін. Мақала ұзақ және қатал рецензиялау кезеңінен өтіп, ғалымға жарияланым шығыстарын төлеу ғана қалады. Ол төлемді, мәселен, Ресейден Үндістанға жібереді, бірақ аяқ астында күтпеген қиындықтар туындайды: төлем қандай да бір кезеңде тоқтап қалады немесе мүлдем жоғалып кетеді. Мұндай жағдайда мәселені шетелдік мамандармен шешуге тура келеді және олармен байланыс орнату үшін ағылшын тілін өте жақсы білу қажет. Бұндай жағдайға тап болмау үшін әртүрлі елдердің заң шығарушы және банктік жүйесі бірдей емес екендігін түсіну өте маңызды. Әрбір мемлекетте қаржы жүйесінің жұмысын реттейтін өз қағидалары мен механизмдері болады. Ғалым төлем жасаған кезде осының бәрін ескеруі қажет. Ақырында зерттеушіге бұл мәселені шешу қиындыққа соғады. Бұл қосымша жұмыстар тудырып, оның уақыты мен күшін алады. Ендеше, мұндай жағдайға душар болмау үшін қандай шаралар қолданған жөн?

Өзінің ең алғашқы ғылыми-жарияланымдық жолында ғалымның делдалдық қызмет көрсететін компанияға жүгінгені ең дұрыс шешім болады. Мұндай ұйымдарда ғалымға өз зерттеу жұмыстарынан басқа жұмысқа алаңдамауға көмек беретін, журнал басылымдарымен басынан бастап мақала жарияланғанға дейін келіссөздер жүргізетін мамандар қызмет атқарады. Компанияның қызметкерлері ағылшын тілін жетік біледі және бұл орайдағы ең қиын мәселелерді шешуде тәжірибелері мол. Олардың шетелдік банктермен ретке келтірілген байланыс жасау жүйесі автордың әрекеттеріне қарағанда аз уақыт аралығында кез келген мәселені шешуге көмектеседі.

Бесінші себеп – ғылыми журнал белгіленген тиісті уақытта мақаланы жарияламады

Бұл көбінде ұйымдастырушылық жағынан туындайтын олқылықтарға немесе журнал редакциясында туындаған күтпеген жағдайға (форс-мажор) байланысты.

Ақырғы шешімнің толық түсінікті болмауына байланысты материалды авторға жетілдіруге қайтарған кезде де осындай жағдай туындауы мүмкін. 30 күннің ішінде ол түзетулер енгізіп, тағы да қарауға жібереді. Осыдан кейін барып ақырғы шешім шығарылады. Қараудан сәтті өткен жағдайда жұмыс жариялану мақсатында басылымның «қоржынына» кіргізіледі.

«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы халықаралық дәйектеу сервистерінде ғылыми жұмыстарды жарияланымға шығаруға көмек береді. Мамандар тобы мақаланы безендіру мен редакциялаудан бастап Scopus, Web of Science мәліметтер базасында жарияланымға шығаруға дейін басынан аяғына дейін көмектеседі. Жұмыстың рецензиялаудан өтуіне және халықаралық журналдарда қандай да бір кідіріссіз аз уақыт аралығында сәтті жариялануына кепілдік береді. Кеңес алу үшін маманға жүгініңіз және де ол сіздің бізбен ықпалдастық жасауыңыздағы алғашқы қадамдарыңызда қол ұшын тигізеді.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Ғалым мақаласын сапасыз журналда жариялаған жағдайда немен беттесуі мүмкін?" материалы жарыққа шықты.

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X