«Научные публикации – Publ.Science» компаниясына тұтынушылар неліктен CiteScore және SJR журналдарының көрсеткіштері және Scimago мен Scopus сервистерінде квартильдер сәйкесінше өзгеріп отырады деген сұрақтарды жиі қойып жатады. Біз ғалымдарымыздың осы тақырып аясында тереңірек хабардар болулары үшін бұл сұрақтың жауабына егжей-тегжейлі тоқталуды шештік.
Көбінде, Scopus-қа кіретін журнал квартильдері жөнінде сөз қозғалған кезде, біз SJR (Scimago) көрсеткішін есімізге аламыз, дегенмен квартиль туралы мәліметтерді Scopus-тың ресми сайтынан алуға болатынын білу де аса маңызды. Ең алдымен, Scopus пен Scimago-ның не екендігін қарастырайық.
Scopus зерттеу рефераттары мен дәйексөздер туралы мәліметтердің базасы және әлем бойынша ғылыми басылымдар мен ғалымдардың талдау жұмыстарына арналған саймандардың көзі болып табылады. Бұл сервисте орналасқан ақпарат әрдайым жаңарып отырады және қаржыландыру туралы мәліметтерді табуға, стратегиялық шешімдер қабылдауға көмектеседі, осы сала үрдістері мен өзекті ақпаратқа жол ашады және өзге де көптеген мүмкіндіктер береді. Scopus көпшілік үшін қолжетімді болып табылмайды. Қолжетімділік ресімделгеннен кейін ғана платформаның барлық саймандарын толыққанды қолдануға болады, дегенмен белгілі бір ақпаратты сервиске қосылмай-ақ алуға да болады.
Scimago – елдердің жарияланымдық көрсеткіштері мен ғылыми журналдардың тізімі кіріктірілген көпшілік үшін қолжетімді сервис. Сервисті әзірлеушілер мәліметтерді Scopus-тан алады. Бұл ақпаратты ғалымдар да салыстыру мен талдау жасау үшін қолдана алады. Scimago 1996 жылдан бері Scopus мәліметтер базасы тізіміне кіретін журналдардың қызметін ашып көрсететін сервис болып табылады.
Бұл екі платформада есептеудің қандай тәсілдері бар?
Платформаның екеуі де журналға әсер ету көрсеткішін есептеуге арналған белгілі бір метрикаларды қолданады. Scimago-дағы негізгі метрика SJR болып табылады, ал Scopus платформасында – CiteScore. Екі платформаға да жалпы болып табылатыны – басылым квартилі туралы ақпараттың болуы, дегенмен оның екі сервисте жиі сәйкес келмеуі мүмкін
SCOPUS
CiteScore метрикасына дейін Scopus-та осы күнге дейін белсенді түрде қолданылып жүрген SNIP (Source Normalized Impact per Paper) және SJR (SCImago Journal Rank – SCImago журнал рейтингісі) секілді метрикалар болған. Бірақ платформа тұтынушыларының көзқарасын ескере келе, дәйектеу метрикасын есептеудің әлдеқайда қарапайым формуласы қажет болғандықтан, CiteScore жаңа көрсеткіші ендірілді. Ол 20000-нан астам басылымдарды бағалауға мүмкіндік береді, олардың ішінде рецензияланған журналдар ғана емес, сонымен қатар кітап сериялары, конференция материалдары, 300-ден астам пәнді қамтитын салалық журналдар да бар. CiteScore көрсеткіші жақын арада шықты, оның есебі анағұрлым ашық және түсінікті. Метриканы өз бетінше тексеруге болады және әлдеқайда күрделірек көрсеткіштермен бірге қолдануға болады. Ғылымометрияның алтын ережесінің бірі бойынша объектілікке, яғни әділдікке кепілдік беру мен оны бағалау мақсатында әрдайым бірнеше көрсеткіштерді ескеру қажет.
CiteScore қалай есептелінеді?
Scopus өзінің CiteScore есебі формуласын жаңартты. Жаңартылған әдістеменің егжей-тегжейлі талдауымен Сіз «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының ғылыми-оқыту орталығы дайындаған жаңа бейнежазбадан таныса аласыз.
SCIMAGO
SJR әрбір құжатқа салғандағы маңыздылығы жоғары дәйексөздер санына қарай отырып журналдың қайда орналасқанын және ғалымдардың ғылыми жұмыстарының беделін бағалауға көмектеседі. Осылайша, басылым журналдарда жарияланған мақалаларды дәйектеу арқылы оларға өзінің беделін таратады. SJR көрсеткіші жоғары болып келетін дәйексөз SJR көрсеткіші төмен дәйексөзге қарағанда құндырақ болып табылады.
SJR қалай есептелінеді?
Төмендегі формула көрсетіп отырғандай, SJR көрсеткішін есептеу әдісі Scopus-қа қарағанда әлдеқайда күрделірек.
Scopus пен Scimago мәліметтерінің неліктен бір-бірінен айырмашылықтары бар?
Платформалар журналға әсер ету есебінің екі түрлі формуласын қолданатындықтан көрсеткіштерінде, сондай-ақ квартиль бойынша мәліметтерде айырмашылықтар туындайды. CiteScore дәйектелудің санына бағытталса, SJR дәйексөздердің салмағына, маңыздылығына бағытталады.
Неліктен Scopus-тағы CiteScore есебі әдісі Scimago-дағы SJR-ға қарағанда әлдеқайда маңызды?
СiteScore барлық пәндік саладағы маңызды көрсеткіштерді бейнелейді. Бұл метриканың ашықтығы дәйектелуге қатысты өзекті мәліметте көрсетілетін есепті кез келген уақытта тексеруге мүмкіндік береді. Формуланың алгоритмі күрделі емес және есепті жеңіл тексеруге мүмкіндік береді.
CiteScore көрсеткішінен өзге, қолданушылар CiteScore Tracker динамикалық метрикасын қолдана алады. Ол ағымдағы жылдың көрсеткіштеріне негізделген мәліметтерді ескере отырып CiteScore секілді есептелінеді.
Scopus көрсеткіштерінің арқасында журналдың квартилін білуге болады, сонымен қатар мәліметтер базасы нұсқайтын трендтерді қарастыра отырып және метрикаларды талдай отырып, оның дамуын болжауға болады. Егер де Сіз белсенді түрде гранттық қаржыландыруды көздеген болсаңыз, Сізге журналдың алдағы уақыттағы даму болашағы туралы білуіңіз қажет болады (оның рейтингісі түспей, келесі жылы да сақталып қалуы үшін, мәселен, талаптарында Q1 – Q2 тұрған жағдайда, Q2 мен Сізге жарияланым саналды).
Scimago-ның шиеленіскен формуласы мен есептеу алгоритмінің түсініксіздігі салдарынан журнал квартилін алдын ала білу өте қиынға соғады. Бұл жағдайда басылым қызметінің дамуы мен зерттеушінің өзінің жарияланымдық белсенділігі туралы ақпаратты алдын ала білу мүмкіндігі төмен.
Ғалымдардың не нәрсеге бағдарланғандары дұрыс?
Scimago Scopus-қа қарағанда қолжетімді платформа болып табылады, сондай-ақ оны түсіну мен қолдану – жеңіл әрі қарапайым. Сол себептен, көбі жарияланым жасау үшін басылым іздегенде дәл соған жүгінеді. Сонымен қатар, біз қызметіңіздің стратегиясын құра отырып, мәліметтер базасының барлық сараптамалық саймандарын толыққанды қолдана отырып, міндетті түрде ресми Scopus сервисіне жүгінуге және алғашқы ақпарат көзінен мәлімет алуға кеңес береміз.
Егер де Сіз журнал квартильдері көрсеткіштерінен айырмашылық байқаған болсаңыз, Сіз тұратын елдің заңнамалық құжаттарында көрсетілген платформа талаптары мен Сіз жұмыс жасайтын ғылыми ұйымның жарияланымдық талаптарын ескергеніңіз жөн.
«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы біраз жылдар бойы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдардың ғылыми-жарияланымдық қызметтерінің сәтті жүзеге асуына кепілдік береді. Тұтынушыларымыздың алдағы уақытта өз әлеуеттерін жоғары деңгейде көрсетіп, мақалаларын сапалы басылымдарда жариялауға септігін тигізетін білікті қолдау мен өзекті ақпарат алулары біз үшін аса маңызды. Біздің жемісті ынтымақтастығымызға бастау беру үшін сайттағы чат арқылы бізбен хабарласуыңызды сұраймыз. Сіздің барлық сұрақтарыңызға қуана-қуана жауап береміз.
Напомним, недавно вышел материал "Какие существуют причины задержки во время публикации научной статьи?"