Консалтингтік компаниялар ғылыми-жарияланым үрдісінде және ғалымдардың жұмыстарын халықаралық деңгейде жүзеге асыру үшін сапалы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады. Осы орайда «Научные публикации – Publ.Science» компаниясының бас директоры Максим Пилипенко ғылымометрия мен ғылым саласындағы заманауи жағдайға қатысты өз ойымен бөлісті.
Бүгінгі таңда Сіздің компанияңыз өзінің бар әлеуетін ғалымның ғылыми-жарияланымдық қызметі мен ғылымометрия мен ғылымды дамыту аясындағы консалтингтік көмекке жұмылдыруда. Максим, неліктен Сізді дәл осы сала қызықтырады?
- Біріншіден, мен кәсіпкер және бизнесмен ретінде ойыммен бөліссем деймін. Бүгінгі таңда ғылымометрия саласына капиталдандыру жағынан қарайтын болсақ, аталмыш сала бәрінен де болашағы үлкен сала болып табылады. Бұл – жүзеге асыруға бірегей мүмкіндік беретін инвестициялық тартымды сала. Сондай-ақ, мен бұл тақырып аясында Scopus мәліметтер базасын қоса алғандағы өзге де мәліметтер базасында ғылыми жұмыстарымды жариялаған зерттеуші ретінде ойыммен бөліссем деймін. Бұл салада жұмыс жасай отырып, сен дүниеге жаңа идеялар әкелетін, әлемді жақсы жағына қарай өзгертетін елдің зиялы қауымымен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен байланыста боласың. Дәл осы себеп маған шабыт беріп, олармен жұмыс жасауға итермелейді.
Барлығының қалай басталғанын есімізге алатын болсақ, сол уақыттан бері Сіздің компанияңыздың стратегиясы мен әдістері біраз өзгерістерге ұшырады, сол туралы айта кетсеңіз?
- Компанияның құрылған күнінен бастап тәжірибе жүзінде бәрі өзгерді десек болады. Біз кішігірім отбасы тәрізді компания ретінде қызметімізді бастадық, ал бүгін – сапалы консалтингтік қызметтер көрсететін халықаралық холдингпіз. Көрсететін қызметтеріміздің тізімі, тұтынушыларымыздың нарығы мен географиясы, бизнес-үрдістер, стандарттар мен құрылымдық талаптарымыз кеңейіп, бәрі өзгеріске ұшырады. Біз бір орында тұрған жоқпыз, себебі біздің кешегі еңбектеніп тапқанымыз бүгінгі таңдағы қызметімізде көшбасшы болуға көмегін тигізіп отыр.
Бұл салада жұмыс жасай отырып, сен дүниеге жаңа идеялар әкелетін, әлемді жақсы жағына қарай өзгертетін елдің зиялы қауымымен, ғылым және мәдениет қайраткерлерімен байланыста боласың. Дәл осы себеп маған шабыт беріп, олармен жұмыс жасауға итермелейді.
Сіз ғылымометрия мен ғылым болашағының дамуын көз алдыңызға қалай елестетесіз?
- Әлем жаhандану бағытында қадам басып келеді. Мен ғылым дамып жатыр, әрдайым зерттеулер жасалынып, жаңалықтар ашылып, жаңа технологиялар ендіріліп жатыр деп нық айта аламын. Жан-жақты ойланатын болсақ, таяудағы онжылдықта бұл нарық геометриялық прогрессияда өсіп, тұтастай алғанда, оның ғалым, бизнес пен қоғамға үлкен пайдасын әкелетіндігін сезбеу мүмкін емес.
Сіздің ойыңызша ғылыми-жарияланымдық үрдістің барлық қатысушыларына өздерінің зерттеу әлеуеттерін сәтті жүзеге асыруға не жетіспейді?
- Бұл мәселені бірнеше факторға бөліп қарастыруға болады. Біріншіден, бұл – саяси ерік: осы бағытты дамытуға қажетті заң шығарушылық бастамалар, әкімшілік шешімдер, ғылымометрия мен ғылым саласын инвестициялау. Екінші фактор – осы үрдіске қатысқысы келетін, бірақ олардың ақпараттан қарапайым хабардар болуы мен үкіметтің қолдауы жетіспейтін зерттеушілер мен оқытушылар. Үшінші маңызды фактор – шетелдік зерттеушілермен байланысқа түсуді қиындататын шет тілдерін қажетті деңгейде білмеушілік. Жаhандану кезеңін өткеріп жатқанымыздықтан бүгінгі таңда инновацияларды дамыту, пайдалы жобалар мен сапалы зерттеулер жасау мақсатында дамушы және дамыған мемлекететтердегі әріптестерімізбен бірігу мәселесі өзекті болып отыр.
Ғылыми-консалтингтік компаниялар да бұл үрдістің белсенді қатысушысы болып табылады. Осы орайда олар қандай рөл атқарады?
- Сапалы ғылыми консалтинг жөнінде айтатын болсақ, ол ешқандай да зиян келтірмей, жай ғана ғылым саласын толықтырады. Өкінішке орай, көптеген ғалымдар ғылыми ортада ақша мен саудаға орын жоқ деген қате пікірде. Дегенмен, расына келгенде олай емес, себебі салмақты ғылыми жобаларды мемлекеттік мекемелерден өзге жеке инвесторлар, венчурлық қорлар, корпорациялар қаражаттандырады, бір сөзбен айтқанда – бизнес. Бұл ғылым мен инвестиция қатар жүру керек деген айғақты растайды, ал консалтингтік компаниялар ғалымның өз уақытын үнемдеп, оған қатысы жоқ өзге мәселелерді шешуге уақытын жұмсамауы қажеттілігіне байланысты пайда болады. Зерттеу жұмысын жүргізушілер өз әлеуеттері мен уақыттарын бітпейтін бюрократия мен артық үрдістерге емес, нағыз жаңалықтар ашуға жұмсаулары қажет, зейіндері мен мүмкіндіктерін сапалы ғылымға жұмылдырулары қажет.
Сіздің компанияңыздың ғылыми-жарияланымдық қызмет көрсететін өзге компаниялардан қандай айырмашылығы бар? Сіздің мықты жақтарыңыз?
– Ең біріншіден, біздің ең үлкен артықшылығымыз – жұмыстың нәтижесі болатындығына кепілдік беретіндігімізде. Бұл сала бәліш дайындап қалаған нәтижемізге жеттік деп айта алатындай қандай да бір кондитерлік сала емес. Бұл – көптеген факторлар мен рецензенттер, басылым редакторлары, мемлекеттік реттеушілер секілді халықаралық делдалдар тобына, сонымен қатар жұмыстың өзінің сапасына, журнал талаптарына, ғылымометрикалық мәліметтер базасына, ақпараттың өзектілігіне және осы секілді өзге нәрселерге тәуелді жоғарызияткерлік ғылыми жарияланымдар индустриясы. Біз жұмыстың нәтижесі болады деп сөз бергенімізде, міндетіміздің толықтай атқарылатындығына кепілдік береміз. Тұтынушымыз жұмысының индекстелуіне қол жеткізіп, жұмыстың ақырғы нәтижесімен көңілі тоқ болғанға дейін біздің командамыз барлығын жасайды. Дәл осы саясатты ұстану бізге нарықтағы өзге ойыншылардың арасынан бөлініп шығуға өз септігін тигізді. Әр тұтынушы талабына қарай жеке қатынас, заманауи IT-инфрақұрылым, тұтынушылармен жеке кездесулер ұйымдастыруға дайын болу, әртүрлі ғылыми шараларға қатысу, заманға сай маркетингтік белсенділік таныту да аса маңызды болып табылады. Мұның барлығы – біздің мықты жағымыз және артықшылығымыз.
Сапалы ғылыми консалтинг жөнінде айтатын болсақ, ол ешқандай да зиян келтірмей, жай ғана ғылым саласын толықтырады
Максим, Сіз ірі халықаралық компанияның бас директорысыз, қалай ойлайсыз, жетекшінің негізгі міндеттері мен басты қызметі қандай?
- Біріншіден, жетекші – бұл тәлімгер, зияткерлік әлеует пен біліктілікке сәйкес міндеттерді жүзеге асыру үшін команда іздейтін адам. Мен мына нақыл сөзді жақтаушы адаммын: «Егер де сен бөлмеде отырған ең ақылды адам болсаң, сенің отыратын бөлмең ол емес». Менің түсінігімде жетекшінің негізігі міндеті – бұл жоғары әлеуетті адамдарды табу және оларды әрі қарай дамыту. Егер сенің тобың мықты болса, онда сіздер бірге расында ұлы жұмыстар жасайсыздар.
Сіз команда жайында сөз қозғадыңыз, айтыңызшы, әлем бойынша ғалымдарға көмектесуге Сіздің қызметкерлеріңізді алға қандай себеп итермелейді?
- Біздің коллективті ең басты алға итеруші күш компанияның құндылықтары мен идеяларын толықтай қолдау болып табылатындығына сенімдімін. Біздің команда қандай да бір қалыпқа құйылған нәрселерді жасамайды, біз ең басынан бастап тұтастай индустрия құратын жобаларды жүзеге асырамыз. Нарықтың көшбасшысы болып табылатын және оның стандарттарын қалыптастыратын компания команданың әрбір мүшесін шабыттандырмай қоймайды. Мен тәжірибе мен еңбек етудің тиімді шарттары жайлы емес, әрбір қызметкердің өзінің қоғамға деген пайдасы мен құндылығын түсінетіндіктері жайлы айтып оырмын.
Сіз шығарып үлгерген соңғы уақыттағы компанияның жобалары туралы, оның басты жетістіктері туралы айта кетесіз бе?
- Өткен жылы біз көптеген жобаларды сәтті жүзеге асырдық, дәлірек айтатын болсақ, Украина мен Шығыс Европада орталық кеңсе мәртебесіне ие болған штаб-пәтер құрдық, Қазақстанда кеңсе аштық, ғалымдарға арналған вебинарлар мен семинарлар шеңберінде жүзеге асырылатын тегін ақпараттық-оқытушы бағдарламаларын шығардық, ғылымометрикалық кеңес беруші ретінде ғылыми мекемелермен, ЗВО-мен жан-жақты белсенді ықпалдастық жасауды кеңейтудеміз және өзге де көптеген басқа жұмыстарды атқарудамыз.
[Сонымен қатар 2019 жылы «Научные публикации – Publ.Science» компаниясы украиндық «Наука и метрика» ғылыми басылымының серіктесі және инвесторы атанды. – ред.]
Біздің команда қандай да бір қалыпқа құйылған нәрселерді жасамайды, біз ең басынан бастап тұтастай индустрия құратын жобаларды жүзеге асырамыз.
Бұл жобаларды жүзеге асырудың қажеттілігі неде?
- Бұл сұраққа ақпараттық-оқытушы вебинарлар мен семинарлардың мысалын ала отырып жауап беретін болсақ, осы бағытты құруға итермелеген ғалымдарды ақпараттық қолдаудың тіптен болмауы және «ғылымометрия» мен «әлемдегі ғылымометрия» не екенін түсінбеулері түрткі болды. Біз өнімді ақысыз негізде жасадық. Әрбір қалайтын адам бұл шараларға қосыла алады; ғылыми сала, жариялымдарға қойылатын талаптар, халықаралық стандарттар және технологиялық ноу-хау туралы тереңірек білім алатын бетпе-бет немесе онлайн кездесулерге қатыса алады. Біз ақпаратты Youtube-каналы, блог, әлеуметтік желілер арқылы таратамыз және бұларға жазылуға шақырамыз. Біз үшін жетілген нарықта саналы әрі білімді ойыншылармен жұмыс жасаған өте маңызды.
Вебинарлар мен семинарларды тегін жүргізетіндігіңіз туралы атап өткен болатынсыз, нелікен Сіз бұл өнімдерді коммерциялық емес негізде жасайсыз?
- Компанияның негізгі құндылықтарының біріне ғылымометрия мен ғылымды дамыту жатады және бұл жобалар біздің қағидаларымызды жүзеге асырудың салдары болып табылады. Мен атап өткендей, бізге жетілген тәсіл мен барлық қатысушылардың ғылыми-жарияланымдық үрдістің жалпы қабылданған ережелерін түсінулері маңызды. Егер де ғалымдардың қандай да бір бөлігі консалтингтік компанияның көмегінсіз ғылыми жұмысын жариялауға дайын болса, біз бұған қуанамыз, себебі бұл ТМД елдеріндегі ғылым мен ғылымометрияның мықты әрі дербес екендігін танытады.
Бізге жетілген тәсіл мен барлық қатысушылардың ғылыми-жарияланымдық үрдістің жалпы қабылданған ережелерін түсінулері маңызды.
- Жаhандық деңгейде ойлап, 5-10 жылдан кейін не болатынын көз алдыңызға елестете отырып компанияңыздың даму стратегиясы туралы не айта аласыз?
- Компанияның стратегиясы «Science Alliance» аналық холдингінің көзқарасына байланысты қалыптасады. Бұл – халықаралық нарықтағы экспансияның жалғасы, кеңсемізді қайта орталықтандыру және Европа елдерінде дербес филиалдарды құру. Келесідей көрші мемлекеттерден бастауды жоспарлаудамыз: Литва, Латвия, Эстония, Польша, Грузия және Турция. Бізбен ықпалдастық жасауға бұрыннан дайын көптеген мемлекеттер бар, соның ішінде үлкен жетілік мемлекеттері де кіреді. Дегенмен, бізді Азия нарығы да қызықтырады. Осының бәріне ресурстар мен уақыттың қажеттілігі белгілі, дегенмен де біздің компанияның жыл сайын қайта жасалатын жоспарлары өте ауқымды. Жыл сайын біз соңғы біржылдық арманымызбен жүреміз, сондықтан да 10 жыл алға қойған міндеттерімізді біз 5 жылда, ал 5 жыл алға қойған міндеттерімізді 2 немесе 3 жылда өтеуді жоспарлаймыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "Scopus мәліметтер базасындағы журналдың индекстелуін тексеру. Неліктен бұл соншалықты маңызды?" материалы жарыққа шықты