Scopus немесе Web of Science деректер базасында индекстелетін шетелдік журналда Сіз жариялаған мақаланы Сіздің жоғары оқу орныңыздың ғылыми бөлімі қабылдамаған жағдай Сізге таныс па? Олай болса, бұл бейнежазба Сізге арналған. Неліктен олай, мұның салдары қандай? Әрі қарай қарастырамыз ба?
Ғылыми қоғамдастықта ғылыми бөлім мақұлдаған жағдайда Университет ғалымның ғылыми жарияланымын есепке алады деген ереже бар. Ғылыми бөлім жағынан сараптаманың жеткіліксіз болуының салдарынан Университет пен зерттеушінің ғылыми-жарияланымдық жоспарының орындалуын қиындататын көптеген дау-дамайлы шешімдер мен қайталанатын жағдайлардың туындайтындығын зерттеушілердің тәжірибесі көрсетуде. Ғалымдар мен ғылыми бөлімдердің өзара әрекеттестігінің сәттілігіне әсерін тигізетін ең кеңінен тараған жағымсыз жағдайды талдайық.
Жағдай 1: Ғылыми бөлім Билл тізіміне кіретін журналдағы жарияланымның қабылданбайтындығын мәлімдейді.
Биллдің тізімі дегеніміз не?
Джеффри Билл – АҚШ кітапханатанушысы, 2012 жылы ашық қолжетімділіктегі жыртқыш журналдардың бар екендігі туралы мәселені көтерген мақаласын «Nature» журналында жариялады. Ол сайт құрып, онда өзінің жеке пікірі бойынша осындай журналдардың тізімін салып, алақол басылымдарды анықтауға мүмкіндік беретін әдістемелік құрал жасап шығарды. Алайда сараптама жасауға нені негізге алғаны, 1200-ден астам журналдар мен 1100 басылымдарға жыртқыштық қызмет жүргізді деп не үшін соншалықты асығыс айып таққаны түсініксіздеу болып отыр.
Биллдің блогы ғылыми-жарияланымдық қызметпен байланысты жетекші ұйымдармен тексерілмеген оның жеке ойы төңірегінде құрылған. Ол кезде ғылыми журналдар сараптамасын кең ауқымда жүргізу үшін оның құзыреті жетпеген еді. Онда ғылыми дәрежесі, атағы да болмады, олай болса, жарияланымдық қызметте де айтарлықтай тәжірибесі де болмаған.
Тізімнің өзектілігі
Джеффри Биллдің мәлімдемесі мен оның тізімі ғылыми ортада үлкен жаңғырық тудырды, дегенмен 2017 жылы осы журналдар туралы мәліметтер берілген сайт алынып тасталды. Билл бұл шешімді өзі қабылдады. Бүгінгі таңда да оның еңбегінің «айнасы» болып табылатын сайттар да сенім артып, жүгінуге болатын дереккөздерге жатпайды.
Биллдің тізімі басылымдарды талдау үрдісіне көмектесу үшін ғылыми-метрикалық деректер базасына арналып жасалынды. Мүмкін, алғашында солай болған да шығар. Дегенмен бүгінгі таңда ғылыми-метрикалық платформалар мемлекеттік деңгейде мақсатты түрде журналдардың қызметтерін талдайтын арнайы кәсіби жүйелер (Radar) мен комитеттер (Committee on Publication Ethics) құруда. Жыл сайын олар басылымдарға баға беріп, деректер базасына ендіру шарттарын ұстанып-ұстанбайтындығын қарайды. Сарапшылар журналдардың қызметтеріне қатысты ауытқушылықтарды байқаған жағдайда оларға ескертулер жасалынады. Аталмыш талдау ешқандай басылымдар, журналдар мен ғалымдардың беделіне нұқсан келтіруі мүмкін эмоциялық мәлімдемесіз толықтай адекватты және кәсіби түрде жасалынады.
Деректер базасы жыл сайын тізімнен шығарылып тасталған журналдар тізімін жариялап отырады. Бұл тізімді олардың сайтынан таба аласыз. Басылымды таңдау барысында дәл жарияланым жасайтын сәтте журналдың индекстелуін мұқият тексеріңіз және де сенімді әрі ресми дереккөздердің ақпараттарына жүгініңіз.
Жағдай 2: Ғалым мақаланы ғылыми бөлім ұсынған журналдар тізіміне кірмейтін басылымда жариялады.
Ғалымның мақаласы ғылыми рецензиялаудан өтіп, қолжазбасын берген сол журналда басылып, жарияланды. Алайда ғылыми бөлім жарияланымды қабылдамайды, себебі оның өзінің белгілі бір ұсынған журналдар тізімі бар.
Ендеше, зерттеуші өз уақыты мен қаражатын босқа кетірмеуі үшін бұл тізімді ғалымға алдын-ала неге бермеске деген сұрақ туындайды. Мақаланың қабылдануына қарай отырып басылым журналын таңдау келісімі мен тізімді ауыстырудың салдары авторға тиетіні мәлім. Ғылыми бөлім жарияланған мақаланы қабылдаудан бас тартса, зерттеушіге тағы да журнал іздеуге тура келеді. Ол қайтадан оның ғылыми-жарияланымдық жоспарының уақытылы орындалуына әсер ететін рецензиялау үрдісінің өтуін күтеді. Бұл уақытта ғалым қызметін жалғастыра отырып, Университеттің ғылыми рейтингісіне үлесін қосатын келесі материалды дайындауына болатын еді. Алайда барлығы іс жүзінде олай емес.
Сөйте келе, Университетке ғалымдардың сәтті, заманауи ғылыми-жарияланымдық қызметтері мен жоғары оқу орнының рейтингісін белсенді түрде дамытуда қызығушылық танытпайтын осындай ғылыми бөлімдерді Университеттің ұстауының қажеті неде деген сұрақ туындайды. Баға жетпес уақыт пен артық қаражатты мәнсіз жұмсаудың, «көзді жұма отырып» мақаланы басылымға мәнсіз қайта-қайта жіберудің алдын алу мақсатында Университет сайтын, кафедралардағы стендтерді қолдана отырып, әдістемеліктер жазу арқылы ғылыми қызметкерлерді жарияланымдық шарттар мен ұсынылып отырған журналдардың тізімі туралы ақпараттандырудың түрлі жолдарын қолдануға болады.
Ғылыми бөлімнің сарапшылдығы
Әрине, ғылыми бөлімдерде ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, түрлі ғылыми бағыттар бойынша теориялық және практикалық мәселелер зерттелінеді. Мұнда жасалған маңызды шешімдер оқу үрдісін толықтыру мен дайындауға жұмылдырылады. Дегенмен Университеттің ғылыми-жарияланымдық қызметі аталмыш бағытты ендіруде аса маңызды әдісті қажет етеді. Мақаланы қабылдамау, ол жарияланған журналды жарамсыз деп тану үшін ғылыми бөлімге қажетінше сараптама жетеді ме?
Толыққанды ғылыми-метрикалық бөлім құруға әрбір жоғары оқу орнының мүмкіндігі бола бермейтіндігін мойындау қажет. Бұл жұмысқа негізгі қызметі басқа болып табылатын өзге қызметкерлерді жиі жұмылдырады, ал аталмыш жұмыс оларға қосымша жүк болып артылады. Мұндай жартылай кәсіби бөлімдер ғылыми жарияланымдардың сапалы тексерісін жүргізе алмайды, журналдарды іздеп, қызметкерлер, аспиранттар мен студенттерге ғылыми-жарияланымдық қызметінің қыр-сырын ашып көрсетіп, оларды оқыта алмайды. Қазіргі таңда көптеген шетелдік жоғары оқу орындары ғылыми аутсорсинг қызметтерін көрсететін компанияларға жүгінеді. Компания ғылыми ұйымның немесе жоғары оқу орнының толыққанды ғылыми бөлімі ретінде жұмыс жасайды. Бұл түсінікті дүниежүзінің алдыңғы қатарлы университеттері өз қызметтеріне әлдеқашан ендіре бастады.
Сауалнама көрсеткендей, 10 ғылыми бөлімнің ішінен 8-і ғылымиметрия мен ғылыми жарияланымдар мәселесіне келгенде біліксіз болып шықты. Сондықтан да Сізге ғылыми бөліміңіздің біліктілігін, олардың ұсынымдарын тексеру қажет болса немесе бөлімге оларды қалыптастыруға көмектескіңіз келсе, біздің «Ғылыми жарияланымдар» компаниямызға чат немесе кез келген байланыс көзін қолдана отырып хат жазыңыз. Сіздің барлық ғылыми міндеттеріңізді сәтті түрде жүзеге асыруға көмектесу үшін мамандарымыз бір күннің ішінде Сізге жауап береді.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Плагиат. Неліктен ол ғылыми жұмыс үшін соншалықты қауіпті?» материалы жарыққа шықты.