Ғалым мақаласын сапасыз журналда жариялаған жағдайда немен беттесуі мүмкін?

Facebook Twitter Telegram E-mail

Жақын арада Scopus өзінің мәліметтер базасынан шығарып тастаған журналдардың жаңа тізімін жариялады. Бұл жағдай, өкінішке орай, онда мақалаларын жариялаған көптеген ғалымдар үшін жағымсыз жаңалыққа айналды. Біз сондай бір журналдың жұмысына талдау жасауды, мәліметтер базасынан шығарылып тасталу себебі мен зерттеуші үшін бұл жағдайдың салдары қандай болатындығын анықтауды шештік.

Ғалым мақаласын сапасыз журналда жариялаған жағдайда немен беттесуі мүмкін?

Талдау жасауға жақын арада базадан шығарылған «Journal of Entrepreneurship Education» басылымын алдық. Ол бизнес аясында журналдар шығаратын «Allied Business Academies» басылымының бір журналы болып табылады. Оның мәліметтер базасынан шығарылып тасталуының ресми себебі - «Publications Conserns». Бұл дегеніміз, жасалған наразылық заңды деп мойындалса, қолданушылардың, сатып алушылар мен қызығушылық танытатын тараптардың жарияланымдарымен аталып отырған басылымға қатысты проблемалар туындаған жағдайда бұл басылымдар қайта бағаланатын болады.  Журналды міндетті түрде Scopus-тың  мазмұнды таңдау және кеңестік жұмыстары жөніндегі Комитеті (CSAB) бағалайды, содан кейін белгілі бір шешім шығарылады.

Біз оның «Scopus Preview» бөліміндегі парақшасын талдай келе  соңғы екі жылда берілген журналдың тұрақты түрде өсіп келе жатқанын байқадық. Ол жарияланымдық қызметін алдыңғы жылдарға қарағанда әлдеқайда белсенді түрде жүргізе бастады. Сол үшін редакция басылым санын өсірді: 20 жыл бойы жылына 1-2 нөмір (орташа алғанда жылына 10-25 жарияланым), 2019 жылы 7 басылымға дейін (жылына 167 жарияланым). Қызметін осы бағытта ұстауы қолданушылардың оның жұмысы туралы егжей-тегжейлі білуге деген өтініш жасауларына әкеліп соққан секілді.

2020 жылы оның мәліметтер базасынан шығарылып тасталуына байланысты индекстелмеген екі нөмірі шығып үлгерді. Өкінішке орай, сонда мақалаларын жариялаған авторлардың жолы болмады. Басылымдардың мәліметтер базасында индекстелу мүмкіндігі өте төмен. Сондай-ақ, басылымның қызметін талдай келе келесідей жағымсыз тенденцияны байқауға болады: оның журналдары осы жылы да «ұшып» жатты.

Мұндай жағдаяттар ғалымдардың беделінің түсуі мен қаржы жағынан зардап шегулеріне әкеледі. Осыған орай күмән тудыратын журналдарда жарияланым жасаудың, уақыт пен қаражат жұмсап, ешқандай кепілдіктің болмауының қажеті неде деген сұрақ туындайды.

Ғалымдардың жолым болады-болмайды дегендей өздерінің ғылыми мақалаларын жариялайтын басылымды таңдауға ұтыс ойыны ретінде қарамағандары жөн. Бұл –ғалымға ешқандай кері салдары тимейтіндей ерте кезеңде (жарияланым жасау үшін журнал таңдау) басылым үрдісіндегі ауытқушылықтарды анықтай алатын мамандардың қатысуын талап ететін маңызды кезең.

«Научные публикации – Publ.Science» компаниясы ғылыми-жарияланымдық саласында біраз жылдар бойы қызмет көрсету барысында өзінің сенімді серіктестеріне айналған халықаралық басылымдар базасын жасап шығарды, сонымен қатар журнал қызметін талдауға және тұтынушыларымызға олардың ғылыми мақалаларының индекстелуіне кепілдік беруге септігін тигізетін маңызды тәжирибеге ие болды. Егер де Сізге жұмысыңызды жариялауға көмек қажет болатын болса, бізбен ықпалдастық орнату мен толғандырып жүрген мәселеңізді шешу үшін біздің сайтымызда маманымызбен байланыса аласыз. 

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада"Ең үздік 200 QS World University Rankings рейтингісіндегі қазақстандық жоғары оқу орны" материалы жарыққа шықты.

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X