«Научные публикации – Publ.Science» компаниясымен жұмыс жасау үрдісінде клиенттеріміз ынтымақтастығымызға қатысты түрлі сұрақтарды жиі қойып жатады. Сіздің уақытыңызды алмау мақсатында біз солардың ішіндегі ең көп сұралатындарын жинап, оларға толық жауаптар дайындадық.
Неліктен мен ғылыми жұмысымды өз бетімше дербес жариялай алмаймын? Сіздердің көмегіңізге жүгінуім міндетті ме?
Ғалымның басты міндеті – зерттеумен, сабақ берумен айналысу және ғылымды дамыту. Алайда ғылыми жарияланымдардың заманауи әлемі тиісті журналдарды дамылсыз іздеуге, әртүрлі елдердің редакцияларымен ұзаққа созылған келіссөздер жүргізуге, қайта-қайта редакциялауға, оқуға және мәтінді аударуға, сонымен қатар халықаралық басылымдардың менталды, банктік, құқықтық жақтарын білуге тура келетін едәуір күрделі бюрократиялық құбыжық секілді. «Научные публикации – Publ.Science» компаниясы ғалымға оның жұмысының барлық критерияларға сай болатындығына және оның сапалы журналда жарияланатындығына кепілдік береді, осыған орай ғалым әрі қарай алаңдамай өзінің ғылыми қызметіне бар зейінін төге алатын болады.
Жұмысымның жариялануына қандай кепілдік беріледі?
Біріншіден, «Научные публикации – Publ.Science» компаниясы құқықтық алаңның шеңберінде жұмыс жасайды. Біз барлық клиенттерімізбен ішінде барлық шарттары мен кепілдігі белгіленген Шартқа отырамыз, қажет болған жағдайда атқарылған жұмыстардың актісін және есепшотын ұсынамыз. Екіншіден, біздің компаниямыз біраз жылдар бойы ғылыми жарияланымдар саласында жұмыс жасап келеді. Осы уақыт аралығында біз бұл салада көшбасшыға айналдық. Біздің компаниямыз маңызды ЖОО-мен, мемлекеттік құрылымдармен және әлем бойынша серіктес журналдармен ынтымақтастық орнатып келеді. Дәл осы бізге әрбір клиентіміздің жарияланымына кепілдік береміз деп айтуға негіз береді.
Жұмысымның ұрланбайтындығына сенімді бола аламын ба?
Қызметімізді көрсету барысында біз қатал құпиялылық саясат пен жарияланымдық этиканы ұстанамыз, сонымен қатар клиентіміздің авторлық құқықтарын сақтау принциптерін жетекшілікке аламыз. Жоба аясындағы жұмыс барысында жиналған дербес ақпарат, байланыс көздері мен барлық материалдар жария етілмейді және үшінші тарапқа берілмейді. Осының бәрі біздің ынтымақтастығымыз жөніндегі Шартымызда белгіленген.
Мақаланы жариялау неліктен көп уақыт алады?
Халықаралық деректер базасында жариялау – көптеген мамандар жұмылдырылатын күрделі де көпкезеңді үрдіс. Егер зерттеуші жұмысын жариялауға Scopus деректер базасын таңдаса, онда оның жұмысының басылымға шығуы 9 айдан 2 жылға дейін созылуы мүмкін, Web of Science деректер базасында жұмыстың басылымға шығу уақыты бір жылдан басталады. Біздің компаниямыз көптеген серіктес журналдармен ынтымақтастық етеді, сондықтан да кейде біз әдеттегіге қарағанда жұмысты әлдеқайда тезірек жариялай аламыз. Мақаланы бір ай ішінде жариялаған кездеріміз болды, дегенмен бұны әдеттегідей емес, ерекше бір жағдай десек те болады.
Сізбен қалай байланысуға болады және ынтымақтастық жөніндегі өтінімге қаншалықты тез жауап бересіздер?
Сіз бізбен сайттағы чат, электрондық пошта, нысанды толтыру немесе сайтта көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалу арқылы байланыса аласыз. Біз әрбір өтінімге оның толтырылған күнінде жауап беруге тырысамыз. Егер өтінім кеш немесе демалыс күні жіберілген болса, оған келесі күні немсесе демалыс күнінен кейінгі алғашқы жұмыс күнінде жауап беріледі. Өтінімдерге жауапты онлайн режиміндегі чатта біздің мамандарымыз береді.
Сайттағы көрсетілетін қызметтер тізімінде жоқ қызметке жеке тапсырыс бере аламын ба?
Әрине! Біз іс жүзінде барлық жарияланымдық қызметтерді көрсетеміз, бірақ клиентімізге қандай да бір жеке көмек керек болған жағдайда біздің мамандарымыз нақты болсын, күрделі болсын кез келген ғылыми міндеттерді шешуге дайын.
Қандай пәндер бойынша жұмыс жасайсыздар? Сіз алмайтын қандай да бір білім саласы бар ма?
Біз жариялайтын мақалалардың 80% келесідей пәндерді құрайды: химия, физика, математика, биология, экономика, құқықтану, медицина, экология, педагогика және оның туындылары. Дегенмен ғылымның басқа саласына қатысты жұмыстарды да жариялаймыз. Кез келген пәндермен жұмыс жасаймыз.
Мақаланы жариялау неліктен соншалықты қымбат?
Жарияланымдық кезең ғылыми жұмысты дайындаудың көптеген кезеңдерін қамтиды, дәлірек айтатын болсақ: материалды жетілдіру, оны ресімдеу мен редакциялау, аудару, көптеген журналдардың арасынан бір журналды таңдау, редакторлар және рецензенттермен сөйлесу, рецензиялаудың ұзақ мерзімі және сарапшының қарауынан кейінгі түзету. Мұның бәрі біраз мамандардың белсенді түрде қатысымын талап етеді. «Сақадай сай» («под ключ») жобасы аясында жұмыс жасай отырып, біз Шартта белгіленген барлық міндеттерді мойнымызға аламыз және төлемдер, рецензиялау, жарияланымдық жарналар, комиссиялар, банктік аудармалар мен өзге де қаржылық аспектілеріне жауап береміз. Біз қанша шығынға ұшырасақ та, қалай да болса жобаны жүзеге асырамыз.
Мақала жарияланымы жобасы аясында кімдер жұмыс жасайды?
Жарияланымдар жобасын компаниямыздың біраз мамандары орындайды, дәлірек тоқталатын болсақ: жеке менежер, аудармашы, редактор, журналдармен келіссөздер жүргізетін маман, бухгалтер, заңгер, әкімші мен жетекшілік. Осылайша, білікті мамандардың арқасында біздің компаниямыз әрбір жобаның сәтті жүзеге асуын қамтамасыз етеді.
Компанияңызға қалай сенім арта аламын және клиенттеріңізден кеңес ала аламын ба?
Біздің компаниямызды бізбен жұмыс жасайтын әртүрлі жоғары оқу орындарының көптеген ғалымдары ұсына алады. Біз қатал құпиялылық ережелерін жетекшілікке ала отырып, клиенттерімізге қатысты деректерді аша алмаймыз. Дегенмен ынтымақтастығымыз көңілдерінен шыққан тұтынушыларымыз бар, олар қызметімізге қатысты ойларымен ашық бөлісе алады және көрсетілген қызметтердің сапасын растай алады. Егер Сіз олардың ойларын білгіңіз келсе, бізге сол туралы жазыңыз! Ал біз Сізді олармен байланыстырамыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада "IMRAD: Scopus немесе Web of Science платформасында ғылыми мақаланың индекстелуі үшін оны қалай ресімдеу қажет?" материалы жарыққа шықты