Құрметті ғалымдар, мұқият болыңыздар!

Facebook Twitter Telegram E-mail

Соңғы апталарда көптеген авторлар мен зерттеушілерге алдау мен қорқыту мақсатында алаяқтар мен жыртқыш компаниялардан мазмұны күмән тудыратын сенімсіз электрондық хаттар келіп жатты.

Құрметті ғалымдар, мұқият болыңыздар!

Хатта былай делінген: «2020 жылдың қыркүйек-қазан айларында Scopus базадан барлық ақылы журналдарды алып тастайды. Журналдардың базадан шығарылуымен  қатар ондағы жарияланған мақалалар да алынып тасталатын болады, мұндай мақалалар Scopus базасында индекстелмейді».

Бұл мәлімдеменің тіптен ақылға сыймайтындығы жөнінде ескерткіміз келеді

1. Барлық ақылы журналдардың индекстелуін тоқтату Scopus-тың жарияланымдық саясатына қайшы келеді.

Ғылыми-жарияланымдық іс – бұл бизнестің адал да ашық түрі. Scopus-тың ғылымометрикалық деректер базасындағы журналдардың басым бөлігі ақылы болып табылады және басылымға кіру мүмкіндігі жабық болған жағдайда оқырмандардан немесе авторлардан жарияланымдық жарна талап етіледі. Ендеше, хатта баяндалған аталмыш мәлімдеме шындыққа сай келмейді.

2. Журналдың индекстелуі тоқталған соң, Scopus-тың ғылымометрикалық деректер базасынан мақалалар мен журналдар алынып тасталмайды.

Кейбір журналдардың этикаға сай емес қызметіне байланысты Scopus расында да оларды индекстеуді тоқтатуда. Егер мақала әлдеқашан индекстелген болса, онда ол деректер базасында қалады. Мысал үшін мына жағдаятты қарастырайық: журнал 20 жыл бойы зерттеу жұмыстарын тегін жариялап келеді, дегенмен уақыт өте келе ақылы бизнес-үлгіге ауысуды шешеді. Сонда алаяқтардың ойынша, басылым ақылы болды деп, осы уақытқа дейін саны ондаған мыңға жетіп қалуы мүмкін мақалалар деректер базасынан алынып тасталмақ?! Мұндай "арандатушылық" – тіптен ақылға сыйымсыз.

3. Ресми ақпарат 

Біздің мамандарымыз әрдайым Scopus өкілдерімен хат жазысып тұрады, ресми сайтты және осы деректер базасының әлеуметтік желілерін қадағалайды, сондықтан да Scopus-тың барлық ақылы журналдар мен мақалалардың индекстелуін тоқтатуы туралы ешқандай да ресми және бейресми мәлімдеме бермегендігін нық сеніммен айтамыз. Хатта болған ақпарат – көрінеу жалған.

Өкінішке орай, бұл хаттың мақсаты –  ғылыми қоғамдастықты адастыру ғана.

Осыған орай біз ғалымдарды аса мұқият болуға және жалған ұсыныстар мен ақпаратқа сенбеуге, ақпараттың растығына өзбетінше көз жеткізуге немесе ғылыми-жарияланымдық салада қызмет атқаратын сенімді маманға жүгінуге шақырамыз. Сонымен қатар, компаниямен жұмыс жасаған кезде өзіңізді залал келтіруі мүмкін ынтымақтастықтан алшақ ұстау үшін оның ресми түрде тіркелуін тексеру қажет, оның расында да бар екендігіне және кеңселерінің ашық жұмысы мен ортақ жұмыстың барлық талаптары жазылған ресми Шарттың бар екендігіне көз жеткізу қажет.

Абай болыңыздар және күмән тудыратын хаттарға сенбеңіздер!

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X