Құрметті әріптестер, серіктестер және «Ғылыми басылымдар» компаниясының достары, біз Сіздерді Жаңа жылдарыңызбен және Рождество Христово мерекесімен қуана құттықтаймыз.
Барлығымыз үшін 2020 жыл өзгерістер, сынақтар мен жаңа жағдайға бейімделу жылы болды. Бұған қарамастан, біздің компаниямыз 2019 жылдың соңында айқындалған өзінің барлық стратегиялық жоспарын жүзеге асырды. Және де бұл заманауи қиыншылықтарға тойтарыс бере алатындығымызды, сонымен қатар кез келген жағдайда клиенттеріміз бен серіктестерімізге қолдау көрсетуде кепілдік беретіндігімізді дәлелдеді.
Сенім артқаныңыз үшін Сізге мың алғыс
Алдыңғы жыл бойы біз Сіздің жобаларыңызды жүзеге асыруда жемісті жұмыс атқардық. 2021 жылы біз «Ғылыми басылымдар» компаниясы жасаған инновациялар мен үдерістерді оңтайландыру мен белсенді ғылыми-жарияланымдық қозғалысымызды үлкен мамандар тобының көмегімен жалғастырудамыз.
Компания алдыңғы тактикасының жалғасы болып табылатын 2021 жылға арналған жаңа стратегиясын дайындап қойды. Мұнда клиенттеріміздің жобасын кәсіби сүйемелдеуге, серіктестікті кеңейтуге, отандық және халықаралық байланысты нығайтуға, ғылым және ғылымиметрия саласын дамытуға бағытталған мақсаттар бұрынғысынан да көп.
Біз жаңа жылда Сізге шын жүректен біздің ортақ жеңістеріміздің негізі болып табылатын зор денсаулық тілейміз. Ауызбіршілік, шаңырағыңызға құт-береке және зерттеу жүргізуде үлкен шабыт тілейміз!
Мансап баспалдағымен сәтті көтерілу үшін, саладағы барлық жаңалықтардан, біздің компаниямыздың жаңалықтары мен ұсыныстарынан хабардар болу үшін бізбен бірге болыңыз.
Индустриядағы көшбасшы, «Ғылыми басылымдар» компаниясымен ынтымақтасу үрдісі 2021 жылдағы Сіздің жетістігіңіз бен жарияланымдық дамуыңыздың стратегиясына айналсын.
Жаңа жылдарыңызбен!
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Аннотацияның маңыздылығы. Оны дұрыс жазудың жолдары қандай?» материалы жарыққа шықты