Ғылымиметрия саласындағы журналдың басты көрсеткіштерінің бірі ғылыми басылымдарды бағалау тәжірибесінде белсенді түрде орныққан импакт-фактор (IF) болып табылады. Бүгін біз бұл метриканы егжей-тегжейлі қарастырамыз.
Көрсеткіштің пайда болу тарихы
IF белгілі бір журналда жарияланған дәйектеліп өтілген мақалалардың санын көрсетеді. Оны Ғылыми ақпарат институтының мамандары 1960 жылдан бастап есептей бастады. «Ғылыми дәйексөздеудің индексін» зерттеуге өз уақытын бөлген ең алғашқы ғалым Юджин Гарфилд есімді американдық лингвист болды.
1992 жылы Ғылыми ақпарат институты 2008 жылы «Thomson Reuters» болып құрылған «Thomson» компаниясының иелігіне өтті, ал 2016 жылы ол «Clarivate Analytics» (2020 жылдан – «Clarivate») компаниясы жетекшілігінің зияткерлік меншігіне айналды. Басылымдар көрсеткіштерінің нәтижесі «Journal Citation Reports» журналында жарияланып отырады.
Импакт-фактордың арқасында журнал деңгейі мен онда жарияланатын мақалаларға баға беруге болады, ғалымдарға қаржылық қолдау көрсетіледі, жұмысқа шақырылады және тағысын тағы.
Басылымның ықпалдылық көрсеткіші Web of Science журналдарына ғана есептелінеді: SCIE мен SSCI (Web of Science Core Collection) және РҒДИ (РИНЦ). Scopus-та журналдың басқа көрсеткіштері есептелінеді: SJR мен SNIP |
Журналдың импакт-факторын қалай білуге болады?
- «Master Journal List» ресми сайтына кіреміз;
- іздеу жолағына қажетті журнал туралы деректерді енгіземіз;
- журналдың SSCI немесе SSCI-ға кіретініне көз жеткізу үшін басылым бейініне өтіп, «Web of Science Coverage» блогын табамыз;
- дәл сол парақта «Journal Metrics» блогы мен журналдыңң импакт-факторы тұрады.
Импакт-фактордың түрлері
Классикалық (екіжылдық) және бесжылдық импакт-фактор болады. Оның әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Кейбір ғылым салаларында екіжылдық мерзім импакт-факторды есептеу үшін кішігірім мерзім болып табылатындықтан, бесжылдық IF ендірілді. Бұл мақалалардың дәйексөзделуі көбінде аздап кешігіп тұратын гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға сай келеді.
Екіжылдық IF есебінің формуласы
2021 жылдың импакт факторы = 2019-2020 жж. жарияланған мақалалардың 2021 жылдағы дәйектелуінің саны 2019-2020 жж. индекстелген мақалалар санына бөлінеді.
Бесжылдық IF есебінің формуласы
2021 жылдың импакт факторы = 2015-2020 жж. жарияланған мақалалардың 2021 жылдағы дәйектелуінің саны 2015-2020 жж. индекстелген мақалалар санына бөлінеді.
Сонымен қатар оқыңыз: Scopus және Web of Science журналдарының квартилін қалай анықтауға болады?
Импакт-фактор атауының түрленімі
IF-тың бір ғана атауы бар. Оның әртүрлі түрленімдері аспаннан алынған және жалған болып табылады.
Келесідей атаулар Сізді күмәндандырып, оларды қайта тексеруге итермелеуі қажет:
- «Cosmos Impact Factor».
- «Global Impact Factor».
- «Global Science Citation Impact Factor».
- «International Impact Factor».
- «JPR Impact Factor» және тағы басқалары.
Сондықтан да жарияланым жасау үшін журнал таңдаған кезде абай болыңыз – оның метрикалары мен атауына көңіл аударыңыз.
«Ғылыми басылымдар» компаниясы әлемнің түкпір-түкпірінен ғалымдарға олардың ғылыми жұмыстарын әртүрлі ғылымиметрикалық деректер базасында индекстелетін отандық және халықаралық журналдарда жариялауға көмектеседі. Көптеген журналдармен ынтымақтастық ету, сонымен қатар әрбір журналды, оның көрсеткіштерін көпжылдық зерттеу бізге олардың жұмысы мен сапасын толықтай ашып білуге мүмкіндік берді.
«Scopus-та жарияланым жасау» немесе « Web of Science-та жарияланым жасау» басынан аяғына дейін көрсетілетін толық қызметіне тапсырыс беріңіз. Жарияланым жасау үшін Сіздің материалыңызға бәрінен де сай келетін журнал таңдап, жұмысыңызды онда жариялауға көмектесеміз. Компанияның маманымен байланысу үшін сайттағы чатты қолданыңыз немесе байланыс орнату нысанын толтырыңыз. Сізге бір күннің ішінде жауап беріледі.
Сізбен ынтымақтасуға аса қуаныштымыз.
Естеріңізге сала кетейік, жақын арада «Ғылымиметрия туралы ең бастысы. 2020 жылдағы «Ғылыми басылымдар» компаниясының ТОП-13 бейнежазбасы» материалы жарыққа шықты.