Егер мәселеңіз шешіліп жатса, Сіз дұрыс компанияны таңдадыңыз!

Facebook Twitter Telegram E-mail

Қыркүйек-2020 Scopus деректер базасынан шығарылып тасталған журналдарда жарияланған ғылыми жұмыстардың индекстелуіне қатысты туындайтын өзекті сауалды қайта көтерді. Бұл жолы 49 басылым тексерістен өтпей қалды. ТМД-дағы көптеген ғалымдар үшін бұл жағымсыз жаңалыққа айналды, әсіресе, мақалаларын өз бетінше жариялап, деректер базасында мақалалары индекстелмей қалған ғалымдар үшін қиынға соқты.

Егер мәселеңіз шешіліп жатса, Сіз дұрыс компанияны таңдадыңыз!

ДЕРЕКТЕР БАЗАСЫНАН ШЫҒАРЫП ТАСТАУ СЕБЕПТЕРІ

Scopus-та журналдың индекстелуінің тоқтатылуының бірқатар себептері бар.

  • қолданушылардың жарияланымдық тұстарға қатысты қобалжулары;
  • Scopus критерияларына сай келмеушілік;
  • «Radar» жүйесінің көмегімен тексеріс;
  • этикалық мәселелер.

Бұл жолы көбінде ТМД ғалымдары жұмыстарын жариялаған журналдардың индекстелуінің тоқтатылуының себептері басылымға ғалымдар тарапынан түскен шағымдар мен жарияланымдық этикаға қатысты мәселелер болды.

Журналдарға түскен шағымдар көбінде өз бетінше жұмыстарын жариялай алмаған ғалымдар тарапынан келеді. Дегенмен көп жағдайда шағымдардың түсуіне толықтай негіз бар: журнал мақалалардың жарияланымын арзан бағаға жасайды, редакция алқасы жоқ, жұмыстарды рецензияламайды, бірақ қаражат табу мақсатында шығарылатын басылымына неғұрлым көбірек мақала қабылдауды көздейді.

ҒАЛЫМДАРҒА ТИЕТІН САЛДАРЫ

Деректер базасынан шығарылып тасталған журналда мақаласы индекссіз қалған ғалымдарға оның қандай салдары тиюі мүмкін?

• Босқа кеткен уақыт пен қаражат

• Беделіне келтірілетін зардап

• Басқа басылымда тағы да жұмысын жариялауға мүмкіндіктің болмауы, өйткені плагиат ретінде саналатын болады.

• Мекеме деңгейіндегі мәселелер: ғылыми лауазым, дәрежеге ие болу турасында туындайтын және сол секілді өзге де мәселелер.

МАМАНДАРДЫҢ КӨМЕГІ

Клиенттеріміздің кейбір мақалалары тізімдегі бірнеше журналдарға берілді. Дегенмен олармен ынтымақтастығымыздың барысында  бұл басылымдарға қатысты көптеген сұрақтар туындап отырды. Әртүрлі редакциялармен ұзақ уақыт бойы жұмыс жасап жинаған тәжірибеміз біздің мамандарымызға жағдайды бақылауға, дер кезінде мақалалардың жарияланымын тоқтатып, оларды басқа басылымдарға жіберуге көмегін тигізді. Біздің командамыз өзінің клиенттерін мұндай салдардан дер кезінде қорғау үшін барын жасады.

Маңызды! Журнал индекстелген болған жағдайда жарияланған материалдар басылымның деректер базасынан шығарылып тасталғанына қарамастан Scopus-та қалады. Сол себептен мақаланы индекстеуге өтінімді дер кезінде беру қажет. Журналдар бұл үрдісті жиі кідіртіп отырады, ал егер арсыз басылымдарға келетін болсақ, олар мұны мүлдем ескермейді. Біздің компанияның мамандары журналда жұмыс жарияланғаннан кейін өтінімді индекстеуге Scopus-қа өз беттерінше бірден жібереді, бұл өз кезегінде Шартта белгіленген талапты орындауды жеделдетеді.

Біздің мамандарымыздың тәжірибесі орын алып жатқан үрдістерді бақылауға, алдын алуға және ғылыми-жарияланымдық саладағы түрлі жағдайларды дер кезінде ескеруге көмегін тигізеді және клиенттеріміздің жұмыстарының индекстелуіне кепілдік береді. Естеріңізде болсын, қандай да бір форс-мажор туындаған жағдайда Сіздің мәселеңізді мамандар шешеді, бұл Сіз олармен ынтымақтастық етуді таңдаған кезде дұрыс шешім қабылдадыңыз дегенді білдіреді.

Естеріңізге сала кетейік, жақын арада  "Scopus деректер базасынан ғылыми журналдардың кезекті шығарылып тасталуы" материалы жарыққа  шықты.

Беделді басылымда ғылыми мақала жариялауына дәл қазір тапсырыс беру

Сонымен қатар оқыңыз

X